Садықова Арайлым Елеусізқызы

1995 жылы 22 маусымда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы селосында дүниеге келді. Арайлым 2001 жылы Байғанин орта мектебінің 1-сыныбына қабылданды. Мектепте өте жақсы оқуымен, үлгілі тәртібімен ерекшеленді. Жақсы оқуымен қатар түрлі үйірмелерге қатысты. Жас суретшілер көрмесінен «Ана» тақырыбындағы туындысы үшін III орын алып, мадақтамаға ие болды. Мектепшілік қыздар валейбол командасының мүшесі. Аудандық жарыстарда командалық жүлделерге ие. Жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысып, мадақтамаларға ие болды. Математика пәні бойынша аудандық олимпиядаға қатысып, II орынға ие болды. Мектепшілік, мектептен тыс шараларға белсене қатысты. Мектепті «Үздік аттестатпен» бітіріп , Алматыдағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде грантпе оқып жатыр. Қазір 2-курс студенті.

Қозыбайұлы Шерхан

2011жылғы «Алтын белгі» иегері. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Мамандығы: Радиотехника, электроника, телекоммуникация. Шерхан - Байғанин ауданы, Жарлы селосында 1994 жылы дүниеге келген. Аудандық пәндік олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қатысып, жүлделі орындар иемденді. Биология пәні бойынша облыстық ғылыми конференцияға қатысып марапатталды, «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» марафонында отряд басшысы болып, жақсы еңбегімен көзге түсіп, облыс әкімінің сыйлығы ноутбукке ие болды.

Көпберген Айзада Ерсайынқызы

2011ж «Алтын белгі» иегері. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар. Айзада–Байғанин ауданы, Жарлы селосында 1994 жылы дүниеге келген. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепішілік, сыныптан тыс шараларға, пәндік кештерге үнемі қатысып отырды.

Хайырманов Рүстем Оразалыұлы

1987 жылы 16 шілдеде Жарлы селосында дүниеге келген. 1994-2005 жылдар аралығында Байғанин орта мектебінде оқып, «Алтын белгімен» бітіріп шықты. Мектеп қабырғасында жүріп физика және математика пәндерінен аудандық облыстық олимпиядаларға қатысты . 2002 жылы сурет, қол өнері бойынша өткізілген адандық көрмеде I орынды иеленіп, облыстық көрмеге қатысты.

Темірғалиева Айгүл

1981 жылы Жарлы селосында дүниеге келген. 1988-1999 жылдары Байғанин  орта мектебінде оқып, мектепті үздік аттестатпен бітірген . 1999-2003 жылдар аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шықты. Қазір Ақтөбе қаласындағы №25 мектепте өз мамандығы бойынша қызмет етеді.

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ