Қ.Жазықов атындағы орта мектептің тарихы

Мектеп 1929 жылы Жем бойында Ермағанбет Иманның мешітінде бастауыш мектеп болып құрылды.Оның алғашқы мұғалімі Қалиев Жәрдем.Сол кездері мектепте Мырзалин Ғани,Ыбырашев Ғайшен мұғалімдік қызымет атқарған.1935 жылы Жем жеті жылдық мектеп болып ашылған.Мектеп директоры болып Құлмағанбетов Қаз жұмыс істеген.Соғысқа дейін Қонақбергенов.Ж, Құлшаров.С, Үкібасов.Б, Рахмадинов, Қауменовтер жұмыс жасаған. 1942 жылы мектеп директоры Қалдаяқова Балжан болған.Сол жылдары Ізбағанбетова Д,Қалбаева, Жәленов,Жұмабаев,Нұрғазин мұғалімдік қызымет атқарған.1946-1949 жылдары Қасымов Шағырбай,1949 жылы Жәленов,1951 жылы Тоқтаров Керей,1953 жылы Жетпісбаев.Қ мектеп директорлары болған.Ал Ибраев Арыстанғали,Өтепбергенов Өмірзақ оқу-ісінің меңгерушісі болған.

Сол жылдары Бахин, Тукешов, Елеменов, Мырзабеков, Тәжмағанбетов, Молдабаев,Иванов жұмыс жасаған.1956 жылы Төкешов Есіркеп,1958 жылы Тәжединов Кестен мектепті басқарған.962-1963 жылы мектеп сегіз жылдық болған.1962-1968 жылы Отаров Телман мектеп директоры болған.1968-1969 жылы оқу жылдарынан бастап мектеп Жем орта мектебі болды.Жамантаев Марат мектеп директоры болып тағайындалған.Оқу ісінің меңгерушісі болып Төлениязов Ізбасар жұмыс жасаған.1970 жылы оқу жылының аяғынан бастап Бекбауов Үпу мектеп директоры,1969-1972 жылы Отаров Телман оқу ісінің меңгерушісі болған.Сол жылдары Төлениязов,Отаров,Молдабаева,Нарынбаев,Рахметқалиева,Әлиманов,Шәріпов,Әбдірахманов жұмыс жасаған.Орта мектеп болғанда алғаш рет мектепті 3 оқушы болып бітірген. 1977-1982 жылдарға дейін Жаулин Жүзбай мектеп басқарған1972-1977 оқужылдарында оқу ісінің меңгерушісі болып Төлеш Сәли ал 1977-1982 жылдар аралығында оқу ісінің меңгерушісі болып Бекбауов Үпу атқарған.1982-1994 оқу жылдарында Бекбауов Үпу мектеп директоры ал оқу ісінің меңгерушісі болып Жұмағалиев Тұрған қызмет атқарған.1994-1999 оқу жылдарында Ыбырашев Рахат мектепті басқарды.1994-1995 оқу жылының сәуір айында Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықов атағы мектепке берілді.Жем орта мектебі кезінде бір оқушы Елтезерова Гаухар куміс медальмен бітірді.Қазір жоғарғы оқу орнында жұмыс жасайды.1997-1998 оқу жылында мектепті Абдуллина Нұршат үздік аттестатпен бітірді.Ақтөбе мемлекеттік университетін бітіріп өз мамандығы бойынша қызмет жасайды .Мектепті бітіріп түлектер жоғарғы оқу орындарына түсіп,түсіп еңбектерге араласып жұмыс істеуде. Мектеп бітіріп шәкірттерден Андрей ғалым,кандидат Ермекова Тыныштық жас ғалым атақтарына ие болды.Жазушы Айжанов Жақсылық, СұлтановИбадулл осы мектепте дәріс алған шәкірттер жоғары оқу орындарында арнаулы оқу орнындарында ірі кәсіп орындарда қызмет етіп жүрген шәкірттер қаншама.Оқушыларға сапалы білім берген, тәрбие үлгі берген мұғалімдер қызметінде үкімет тарапынан еңбектері бағаланбай қалған емес.Ермаханбетов Мұқып,Ізбағанбетова Дәметкен Қазақ ССР-еңбегі сіңірген мұғалімі,құрмет белгісі орденімен наградталған 1987 жылы СССР-дың халық ағарту ісінің үздігі атанған Бекбауов Үпу мен Төлешов Сәли ие болды.1981 жылы Нарынбаев Ығылман,1982 жылы Жаулин Жүзбайға,1985 жылы Өтепбергенов Өмірзаққа,Шәріпов Құлманға Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің үздігі атақтары берілді.1994-1999 жылы мектеп директоры Ыбрашев Рахат болды. Қ.Жазықов атындағы орта мектепте 1999 жылы оқу ұжымының бірінші желтоқсаннан бастап Тамашева Айжан басқарып келді.Оқу ісінің меңгерушісі қызметін Қазиева Флюра атқарды.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлешова Маржангүл атқарды.2005-2006 оқу жылынан бастап мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Рамбаева Майгүл сайланып қызмет атқарды. Қазіргі таңда 2006 оқу жылының тамыз айынан бастап мектеп директоры Дусипова Миргүл оқу ісінің меңгерушісі Сәрсенова Ақшекер 2007 оқу жылынан бастап тәрбие жөніндегі орынбасары Құлманова Злиха сайланып қызмет атқарады.2012 13оқу жылынан бастап оқу ісінің меңгерушісі болып Қалиева Сәния сайланды.2015 жылдың наурыз айынан бастап мектеп директоры Әзиева Әлиса Жөкенқызы тағайындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Қалиева Сания Еркінқызы. 2015-2016 оқу жылында мектеп директоры Казиева Флюра Қоңыратбайқызы, оқу ісінің меңгерушісі Қалиева Сания Еркінқызы, Тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Кулманова Злиха Санаққызы басқарады.


 

















 


 


   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ