Мектеп тарихы

 

Жарқамыс орта мектебі аудандағы білім беру мекемелерінің қара шаңырағы .Ол 1928 жылы К.Маркс атындағы шаруа жастар мектебінің негізінде құрылды. Алғашқыда бастауыш кластардан тұратын мектепте Х. Маханов сабақ берді.Жарқамыс орта мектебінің алғашқы шәкірттері арасында Рабиға Хұтқожина болды. Ол Қазақстанның белгілі адамдарыныі бірі. Мектеп 1934 жылы жеті жылдыққа айналды. Ал 1936жылы Жарқамыс орта мектебі болып аталды. 1941-42 жылы мектепте 10класс ашылды. Мектебімізде Кеңес Одағының Батырлары Ешбаев Сәрсенғали,Қожағали Жазықов оқыған.Жарқамыс ортамектебін алғаш бітірушілер арасында алғаш аттестат алған Нұрман Қорбин болды. Жарқамыс орта мектебінің түлегі болып ұшқандар арасында –физика мматематика ғылымдарының докторы Блиев Назарбай,ақын жазушылар: Бәкір Тәжібаев,Тобық Жармағанбетов,Мәди Айымбетов,Есенбай Дүйсенбаев,Өтежан Нұрғалиев,Сәбит Баймолдин,Жанна Елеусізоваларды мақтанышпен айта аламыз.60-70 жылдары мектепте өндірістік оқу жүйесі енгізіліп ,оқушылар ауыл шаруашылық техникасы түрлері мен таныса оқыды.Кәмелеттік аттестаттармен бірге комбайнерлік,трактористік мамандықтарды қоса алып шықты. Мектепте оқыту мен тәрбиелеу істерін жетілдіруде Жазықов Қ., Ауқатбаев М.,Мұқанов Н.,Айдаров А.,Медиев Т.,Жалмағанбетов А.,Шырдабаев К., Мұқашев Ж.,Жұбаниязов Т.,Жиенбаев С.,Қомпаев Т.,Тампилов Н.,Шанин О.,Тойманқұлов С.,Серікбай Ұ.,Құлекеш Қ.,басқа да көптеген педагогтер еңбек етті.

Жарқамыс орта мектебінде оқушылардың жан-жақты көңіл аударылып, мұнда олардың пәндік сондай-ақ өнер, еңбек т.б. бейімділіктерін жетілдіру бағытында қоғамдық негіздегі үйірмелер., секциялар, спорттық үйірмелер жұмыс істеді. Домбырашылар ансамблі болды. Жарқамыс орта мектебі құрылған уақытынан бастап, оның оқу-материалдық базасы үнемі өсу үстінде болды. Мектеп үшін 40-жылдары оқу корпустар. Интернат жатақханалары, шеберханалары салынды. Оқу кабинеттері қажетті техникалық және көрнекі құралдармен жабдықталды.

Мектепте оқушылар біліктілігін арттыруға ,олардың ғылыми негіздерін үйреніп,орта мектеп бағдарламасын толық меңгеруіне жағдай жасалып,бұл бағыттар аясында әдістемелік жұмыстар кеңейтілді.Түрлі пәндік ,көркемөнер,« Өлкетану»,«Жас әдебиетшілер», «Ән-хор» «Домбыра » және спорттық үйірмелер тұрақты жұмыс жасайды.

 

 

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ