Т. Жармағанбетов атындағы орта мектеп  

   

Мектеп тарихы

Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп – жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны, ҚР Білім Министрлігі жүйесіне қарайды. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Байғанин ауылында орналасқан.

          1938 жылы күзде Қандыағаш – Гурьев (Атырау) темір жолы қосылуына байланысты Қарауылкелді станциясы салынып болды. Теміржолда жұмысшы болып істегендер №14-15 барақта тұрды (қазіргі Ерғалиев Нұрберген, Жакуов Орынқұл үйлерінің орны). Осы жылдың қыркүйегінде 1-3 класс, 2-4 класс параллел оқитын бастауыш мектеп ашылып, Құрманалин Маңғыбай мен Шайкиева Назым алғашқы оқытушылар болып қызмет атқарды. 1939 жылдың күзінде (Шоқан) Маңғыбай Құрманалин (Арыстанғали) Совет Армиясы қатарына шақырылып, 1940-1941 оқу жылында балаларды Қонарбаева Аққияш  пенШайкиева Назым оқытты. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысы  кезінде Н.Шайкиева жалғыз өзі мұғалім болатын. 1944-1945 оқу жылы соңында Байғанин аудандық оқу бөлімі Аққағазов Досқұл мен  Бірекешев Омарды Қазақстан колхозындағы Абай 7 жылдық мектебінен Қарауылкелдідегі  бастауыш мектептің 4-класс оқушыларынан емтихан алуға жіберді.

1947-1948 Сол кездегі  Қарауылкелдіде №3-ауылда Совет председателі Боранбаев Сәрсенбай Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталып бейбітшілік орнаған соң, оқу жылының жазында осы күнгі Т.Жармағамбетов мектеп үйі жанындағы ескі бастауыш мектеп корпусы (ол – бұрынғы теміржолшылардың бастауыш мектеп үйі) қайта жөнделіп, Қазақстан колхозындағы мектепті көшіріп әкелді. Алғашқы директоры – Ешпанов Аманғос. 1948 жылы Комсомолдың ХХХ жылдығына байланысты жеті жылдық мектеп Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы мектеп болып атанған. 1951 жылы орта мектеп болды. 1952 жылы мектеп директорыДүйсенбин Тәжім , 1953 жылы Қорбин Нұрман болды. 1964 жылы аудан қайта құрылып, Қарауылкелді аудан орталығы болды. Жаңа типті осы күнгі №1 Қарауылкелді орта  мектебі салынды. 1968-1969 оқу жылында Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебі бөлініп шығып, өз алдына отау тікті. Алғашында қазіргі (Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп) сегізжылдық мектеп болып құрылды. 1978-1979 оқу жылынан орта мектеп болды. Ол кезде директорлар: Келімбердиев Абыл, Досқуатов Межеш, Өтепбергенов Жөкен, Құбашов Мұңал, Қалқаманова Күләш, Досқуатов Межеш, Тәжімұратова Зылиха, Құлжан Ерболат, Доскулов Сергали; завучтар: Аққағазов Досқұл, Әбдірзақова Талайлы,  Құрмашов Ілияс, Молдашова Дариға, Мәнібаев Самбай,  Аққожаев Қожағали, Тәжімұратова Зылиха, Сүйесінов Игілік.  Тәрбие жөніндегі орынбасарлар: Көкшина Қазина, Сүйесінов Игілік, Арипова Гүлжан, Мұңайтбасова Батима, Аманғосова Мамлакат, Оңайбай Ақжонас ,Мұңайтбасов Ернар.   ұстаздар: Көптілеуов Қасым, Өмірзақова Фарида , Молдашева Дариға, Жұмағалива Зағипа, Дәрібаева Шәмсия, Досымбаева Роза, т.б.  

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 16.02.2000 жылғы қаулысымен мектепке жазушы Т.Жармағамбетовтың есімі берілді. Мектепте жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру, оларға білім негіздерін үйрету, еңбекке дайындау сияқты жұмыстар жүзеге асырылды.

2015-2016 оқу жылында мектепке жаңа 300 орындық мектеп және 60 орындық интернат салынып берілді. 

 

 

165645645645645645645645645645645

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ