Көкбұлақ орта мектебінің тарихы

 

Көкбұлақ орта мектебі-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім беретін оқу орны мемлекеттік мекеме.

Мектеп Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді селолық округіне қарасты, Көкбұлақ елді мекенінде орналасқан. Мектеп 1934 жылы ашылды.

Ауылда төрт кластық бастауыш мектеп болды. Алғашқы мұғалім 1941 жылға дейін Боранбаев Сәрсенбай, 1942 жылдан Мақанов Қайырла, Елемесов Ахмет, 1943 жылдан Ержанова Сәнім, 1944-45 жылдары Қозыбағаров Кенетай, 1945 жылдан Мырзалин Жолдас, Өрбісінов тәуір, дейтін кісілер болды. 1953-54 жылдары Қосуақов Райым ұстаздық етті.

1951 жылы колхоздар Көкбұлақ, Жайылма, Қарабатыр, үшеуі іріленіп, бір колхозға біріктіріліп, Көкбұлақ деген атау берілді. Колхоз орталығы осы Қарабатыр аталған жерге орнықты. Содан бері бұл жер Көкбұлақ деп аталады. Кейін 1964 жылы қарауылкелді совхозы ашылғанда, бұл жер совхоздың № 1 Көкбұлақ фермасы деп аталады. 1956 жылы Дауылдағы бұрынғы Көкбұлақ колхозындағы Көкбұлақ 7 жылдық мектебі осы жерге көшірілді. Мектеп 1963 жылы 8 жылдық мектепке айналды. 1979-80 оқу жылында осы мектеп орта мектепке айналды.

Мектепте 1956 жылға дейін бұрынғы Көкбұлақ 7 жылдық мектебінде Медиев таңбай, Ешпанов Аманғос, Ықыласов Омар, Қисықбасов Оңдаған, Халитов Икрамша, Кәдіров Ізмұхан, Наурызбаев Шекер, Жамантаев Марат, Елемесова Жұмагүл, Дүйімбаева Мақтан, Қайшыбаева Маржан ұстаздық етті. 1956 жылы мектеп осы жаңадан аталған Көкбұлақ колхозының орталығына көшкеннен кейін мұнда Өтепбергенов Өмірзақ, Қарағозин Тәшен, Құлекешов Ізбан, Елемесов Құсайын, Тәжбағанбетов Ақантай, Көздіғарин Сергей, Ізбағанбетов Қуаныш, Әуезова Ынта, Баймұқанова Шолпан, Жантұрғанов Итібай, Амандықов Жайлы, Сәуірбаев Бекес Текешов Нұрғазы, Сары Жетібай ұстаздық етті.

 

Содан кейін 1980 жылы орта мектеп болып құрылды.

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ