Мектеп тарихы

 

1980 жылы Баршақұм орталау мектебін ашу мәселесі қозғалды.Ұстаз Қыдыров Меделбай  мен ферма меңгерушісі Сыдықов Сыраж ферма тұрғындары атынан облысқа дейін ұсыныстар жолдайды. Осы ұсыныс облыста қаралып,1981 жылы 1қыркүйекте Баршақұм

8 жылдық мектебі ашылады.  Осы жылдан бастап мектеп маман кадрлармен толықтырыла бастады.  Олар: С.Салқынов /физика/, Х.Тасқынбаев/математика/, Б.Әбиев, А.Ыбрайова /математика/ , М.Әбиева /орыс тілі, әдебиеті/ , Х.Боранбаева /қазақ тілі, әдебиеті/ , С.Меделбаев /дене шынықтыру/ , А.Қожахметова /бастауыш сынып/ , Б.Ершекенов /сызу,сурет/ , Т.Тасқынбаев /еңбек/,Е Наурызов /дене шынықтыру/ Г.Қожаниязова /, Л.Нұрбергенова , А.Арықова /қазақ тілі мен әдебиеті/, ал мектеп директорлары болып Н. Текешов, Е.Имовтар қызмет жасады. Кейіннен мектеп 10жылдық және 11жылдық болып қайта құрылды. Мектепте 1985 жылдан бастап осы уақытқа дейін Т.Мейірман,Ү.Сағиева,А.Шамбаева,С.Әзбергенова,Б.Идирисова,Н.Сұлтанова,

М.Қуанбаева / бастауыш сынып /, Э.Шамбаева, А.Мужабаев /информатика/,Ә.Әнесов /химия/,Н. Қартабаева /биология/, Қ.Тәжібаев, Ж.Нұрниязов /Алғашқы әскер дайындық/, Ә. Даулыбай /математика/,А.Сыдықова, М. Жұмақұлова, Ө. Сәдуева /тарих/,

 

 Б. Самарбаева /Қазақ тілі мен әдебиеті/, Г.Шакен /ағылшын тілі/,Ә. Қалданғалиева /шағын орталық/, А.Сәбиева /мектеп алды даярлық/, А.Кулбаева /тәлімгер/ Қ. Әбдірахманов, А. Тілеген /дене шынықтыру/ , А.Құлбарақова /психолог/ , Е.Боранбаев /география/ Б.Кугашева,   Д.Ибраева /орыс тілі/ секілді ұстаздар, Ж.Бақытова /медбике/ болып жұмыс жасап келеді.. Мектепке 1999-2013 жылдар арасында Л.М.Келимбердиев басшылық етсе, қазіргі таңда Қ Тажибаев басшылық етуде. Мектепте білім беру стандартына сай  математика, физика, биология  кабинеттері жабдықталған.  Оқушылар заман талабына сай интерактивті тақтамен , компьютерлермен жабдықталған кабинеттерде оқып, білім алып жатыр.

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ