Байғанин орта мектебі

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы жалпы орта білім беретін оқу орны, мемлекеттік мекеме.    

    Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы жалпы орта білім беретін оқу орны, мемлекеттік мекеме.ҚР Білім және Ғылым министрлігі жүйесінде, Жарлы ауылында жаңадан құрылған  «Байғанин» совхозының орталық мекені орналасып, мұнда тұрғындардың саны көбейе бастады. 1964-1965  оқу жылы осы ауылда  Байғанин сегізжылдық мектебі ашылды. Оған 154 оқушы тартылып, 11 ұстаз қызмет етті. Осы оқу жылы мектеп жанынан  интернат ашылып, онда малшы, механизаторлардың 29 балалары тәрбиеленді. Мектеп бейімделіп салынған бір қатарлы уақытша жатақхана үшін арналған жайда орнықты. Жарлы селосының халқының  көбейіп, мектеп жасындағы балалар саны артуына байланысты 1972-1973 оқу жылында Байғанин сегізжылдық мектебі орта мектеп болып қайта құрылды, осы жетпісінші жылдары мектептің оқу-материалдық базасы нығайып, көрнекі құрал-жабдықтар, техника түрлері алынды. 1978 жылы мектеп үшін типтік жобадағы 312 оқушыға арналған ғимарат салынып, пайдалануға берілді, мұнда спорт, атк залдары, шеберханалар мен кабинеттер, кең де жарық класс бөлмелері болды. Мектеп жанындағы интернатта тәрбиеленушілер контингенті де едәуір артты. Мектеп үшін «Байғанин» совхозы базалық кәсіпорын болып саналды, олардың арасындағы іскерлік байланыс жұмыстары жолға қойылды. Бұл кезде мектепте оқушылардың күн ұзағына болатын топтары, факультативтер мен үйірмелер болды. Осы мектепті оқушылар қолынан шыққан бұйым түрлері облыстық, республикалық көрмелерден орын алды, көркем-өнерпаз ұжымдары құрылып, ауыл тұрғындарына концерттер берді, домбыра ансамблі, бишілер тобы жұмыс істеді, жас суретшілер студиясы ашылды. Мектепке ұзақ уақыт бойы  Қазақ КСР халық ағарту ісінің озаты О.Ыхласов басшылық жасады, ол педагогтік ұжымның оқыту саласын және оқушылар тәрбиесін жақсарту жөніндегі бірқатар маңызды шараларды ұжымдастырып, оқу-материалдық базасының нығаюына үлкен үлес қосты. Мектепте республикаға белгілі ақын Сәбит Баймолдин, әдіскер-педагог Сүгірәлі Тайжанов, журналист Тұрлыбай Құлынбаев, ақын-суретші Серікбай Қайдасов, әнші-сазгер Қылышбай Тумин, тарихшы, жазушы Ибрагим Ермекбаев дәріс берді. Мектепті 1973-2002 жылдар арасында 2000-ға жуық адам бітірді, олардың арасында педагог, дәрігер, құрылысшы, инженер мамандықтарына ие болып, еңбек етіп жүргендер көп, 8адам ғылым жолына түсіп, кандидаттық диссертация қорғады, мектеп түлектері Ж.Нұржігітова мен Б.Өгізбаевалар автомобиль тізгінін ұстап, өндірісте еңбек етті.  

    2013-2014 оқу жылында 365 оқушы бар. 70 мұғалім қызмет жасайды. Оның 5 жоғары, 15  бірінші  санатты, 27 мұғалім  екінші  санатты.  2010 және 2011 жылдары  5 облыстың үздік мұғалім, 2 облыстың үздік класс жетекші  атанды. Облыстың үздік мұғалімдер:  Қосаман Дархан,Көшекбаева Жанар, Абибуллин Ақберен, Мирова Гүлназат, Бердешова Шара. Облыстың үздік класс жетекшілері: Абдрахманова Күміс, Қалисин Жасұлан. Қазіргі заман талабына сай Кембридж бағдарламасы бойынша І деңгейлік кезеңнен өткен Сыздықова Әмина, ІІ деңгейлік кезеңнен Абибуллин Ақберен, ІІІ деңгейлік кезеңнен Келдібаева.Ш, Ермағанбетова.Г, Қалисин.Ж, Дияшова.Г, Ермекбаева.Л, Өмірзақова. Ж.  өтті. Мектепте қазіргі талапқа сай 1 мултимедиялық кабинет, физика, химия, биология кабинеттері бар. Мектепте пәндік олимпиадалар, оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялары жиі өткізіліп тұрады, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы шығармашылықпен  жұмыс істеуі жолға қойылған. 

   2004-2005 оқу жылындағы ҰБТ нәтижесінде аудан бойынша жоғары көрсеткішке жетіп, Хайырманов Рүстем «Алтын белгі» иегері атанды.     2010-2011  оқу жылындағы ҰБТ нәтижесінде мектеп түлектері Қозыбай Шерхан мен Көпбергенова Айзада «Алтын белгі» иегері болды. 2011-2012 оқу жылындағы ҰБТ нәтижесінде Садықова Арайлым «Үздік куәлік» иегері атанды.  

 

 

 

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ