Қаражар орта мектебінің тарихы туралы мәлімет.

 

ХХ ғасырдың 20 – сыншы  жылдарында  қазіргі  Қаражар  елді  мекені  орналасқан  жер  Көкмешіт деп аталып  осы  аттас  мешітте  балалар  ескі  діни  оқуға  тартылған.

1928 жылы  Табын ауданы құрылғанда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлығынан болар 1930 жылға дейін  Көкмешіт осы  ауданның орталығы  болған (63 – қор,292-іс, 17– бет, Ақтөбе облыстық мұрағат).

1927 жылы  Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылды. Осы мектепте алғаш білім алғандар арасында кейіннен осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, соғыс ардагері Құлшаров Сары мен еңбек ардагері  Әбдірұлы  Әжім болған. Өзінің алғаш білім алған мектебі туралы Әжім ақсақал: «1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылып , «Көкмешіт» мешітіндегі діни оқу  тоқтатылды. Мектепте сол дәуірдегі арабша, орысша сауаты бар Құрмаш деген кісіден сауатымызды ашып, білім алдық. Оны 1929 жылы «халық жауы» деп ұстады. Сол 1929 жылы алғаш серіктестік құрылғанда  Көкмешіт  мекені  Қаражар  болып  атала  бастады. Көп кешікпей  «Көкмешіт» те  бұзылып  1930-1931 жылдары жаңа орталық   Жарқамыстағы мектепті  салуға тастары  тасылды.

« Көкмешіт » үйі  бұзылғасын Қаражар мектебіне  «Жұман байдың»  үйі беріліп, онда Қырылдақов Оразғали деген мұғалім сабақ бергенін білемін» - деп еске алады. («Ленин туы» газеті, 1967 жыл)

Ақтөбе облыстық мұрағаттарда сол кездегі Табын ауданындағы ағарту ісі жөніндегі құжаттардан Қаражар мектебі жөнінде 1935 жылға дейінгі деректер жоқ. Оған себеп, республикада  И.Голощекиннің қанқұйлы  саясатының тигізген салқыны болуы мүмкін.

1935 жылдан бастап қана мектеп туралы мәліметтер мұрағат құжаттарында кездесе бастайды. Яғни, 1935-36  оқу жылында Мирзоян атындағы (ол кезде серіктестік те, мектеп те Мирзоян атында болған) бастауыш мектепте  мұғалім болып Шалабаев Нәрік, Тоқпанбетов Нығметулла еңбек еткен (281-1,7-сі). Кейін  мектеп  қайтадан  Қаражар аталады.

1937-39 оқу жылында мектеп жеті жылдық болған. Онда оқыған бұрынғы шәкірт, бүгінгі дербес зейнеткер  Төкешов Есіркеп  те  сол оқу жылында  бесінші сыныпта оқыдым  деп  растайды.

1939 жылдан  бастап  құжаттарда Қаражар орталау мектебі туралы дерек кездесе бастайды.

Осындай бір құжатта 1939 - 40 оқу жылында Қаражар орталау мектебінің директоры Талдықов Қамбар делінген (281-1,89-іс,35-бет). Ал 1940 жылы толтырылған бір құжатта Талдықов Қамбардың бұған дейінгі мұғалімдік қызметін 10 жыл, 1937 жылы аттестациядан өткен, педтехникумда сырттай оқиды деп көрсеткен (281-1,79-іс, 33,35 беттер).

Сонымен бірге ол жылдары І.Есмағанбетов, Абылбаев және  Қ.Лұқпанов мұғалім болған. Соғыс салдарынан мектеп 1942 жылға таман бастауышқа айналған, мұғалімі Қ. Талдықов әскер қатарына алынып, содан елге оралмаған.

10 қазан 1939 жылдан соғысқа дейін ҚазақССР-на еңбегі сіңген мұғалім Ермұханбетов  Мұқып мұғалім болып жасаған.(219 бұйрық).

Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары  Рахмединова, Қалиевалар  мұғалімдік қызмет атқарған.

1947 жылғы 2 маусымдағы Байғанин аудандық кеңесі атқару комитетінің № 201 шешімімен мектеп  бастауыштан жеті жылдық мектепке айналған. Аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директорлығына Жамантаев Марат, оқу ісі меңгерушілігіне Байтауов Тоқпанбет тағайындалған №60).

Жамантаев  Марат     1947.06. – 1952.03. жылдары  мектепке  басшылық жасаған.

Мұңалбаева Теңгежан. 1952.03 – 1952.09, 1955.09 – 1957.01, және 1958.09 – 1959.03.ж.ж. мектеп

директоры болып қызмет атқарған

Қомпаев Түгелбай 1952.09 – 1955.09 ж.ж. мектепе директоры қызметін атқарған. Осы жылдарда

мектепте өмірлерінің соңына дейін ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Раев  Керей мен

Құлшаров Сары жұмыс істеді.

Мырзабекова  Шәкен  1957.01. – 1957.07   директорлық  қызметті  атқарды.

Аухатбаев Мұздақбай    1957.07. – 1958.09. ж.ж. мен директор болды. Сол жылдары келіп, еңбек еткен мұғалімдер: Артықов Тұрғанбай, Мұқтасаров Кітабай, Меруерт т.б. болды.Сонымен бірге  Елемесов  Құсайын  1959.03 – 1961.08  жылдары  Медиев Таңбай 1961.08 – 1963.06  жылдары Раев Мақсұт 1963.06 – 1964.01 және Сейталин Ақан 1964.01– 1964.08.ж.ж. мектеп директорлары  болса 1959.03 – 1963.08.ж.ж.оқу ісінің меңгерушісі болып Әбиев Жарылғас жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте жаңадан Раев Мақсұт, Тажбағанбетов Қорған, Ерғабылов Тайхан, Майлыбаев Өмірзақ (СССР халық ағарту ісінің үздігі), Талыпова Жанат, Нұрманова Бақыт, Аймағанбетов  Бақыт  және   Мәтжанова   Сара   ұстаздық жолдарын бастады.

1964.08. – 1977.08.ж.ж. «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Методист – мұғалім», Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері –  Жақанов  Бейсен  мектеп директоры болып қызмет атқарды.

Ал  Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім  Тәжбағанбетов Қорған 1963 – 1971 ж.ж., Ерғабылов Тайхан 1971-73,  Қонжаров Жеңіс  1973-75  және Нәби Досым 1975-77 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері   болды және  осы кездері  мектепте жұмыс істеген Кірқабақов Қалел  мен Айтмұрзаев  Зейнолла және  жұмыс жолын жаңадан бастағандар: Жұрынбаев Көңілқос, Нәби Досым, Қонжаров Жеңіс, Сейтжанова Лиза, Хасенов Шарибат,  Шөкімов  Сағибек , Сейталина Мәншүк т.б. боды.

Нәби  Досым   1977.08 – 1984.04ж.ж., Хасенов Шарибат  1984.04 – 1992.08 ж.ж. мектеп директорлары болып  және қызмет атқарды.  Ерғабылов Тайхан  1977-80  ж.ж  Шөкімов Сағибек 1980 - 88 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болып істеді , осы жылдардан бастап мектепте жұмыс жолын бастағандар: Байқанова  Құралай, Қуатбаева  Күнсұлу, Сарбалина Сәулеш,  Күзенбаев  Ордабай, Тасымова  Лида, Нұрдәулетова  Ғайнижамал,  Шанина Хабиба,  Ұзақбай Бәтима,Өтегенова Халима,  Тайғарин Аяпберген, Жұбаналина Нұрбала, Дүйсенов Шадин, Қожиева Базаргүл, Қалиев Сабыр, Ерқасымов Сәрсенбай Тоғаева Мейрамгүл,  Ерғалиева Гүлшара,  Байдрахманова  Қазина,  , Мәдіханова Мереке, Ыбраш Шағала, Қуатбаева Анар, Құлданбай Мәншүк, Ашықбаева Алма, Майлыбаева Аягөз, Байқанова Салтанат, т.б. болды. Бұлардан Б.Ұзақбай (1982), Д. Нәби (1986) жылдары Қазақ ССР-і білім, ғылым және кәсіподақ ұйымының   Құрмет  грамотасымен  марапатталды.

1990  жылдан  бастап  сегіз  жылдық  мектеп  халықтың  сұранысына  орай  орта  мектепке  айналды .

1997 жылы үкіметтің үстірт шешімімен қайтадан сегіз жылдыққа айналса да, бұл кемшілік түзетіліп

1999 - 2000 оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

Актөбе Педагогика Институтының физика –математика факультетінің түлегі  Қалиев Сабыр Шүкірбайұлы  1992 жылдың тамыз айынан бастап  қазіргі кезге дейін   Қаражар  орта  мектебінің директоры қызметін атқарып   келеді.

1988 жылдың тамызынан 2014  жылдың қыркүйегіне дейін  оқу  ісінің  меңгерушісі  болып  Нәби  Досым  қызмет  етті.

2014 жылдың қыркүйек айынан бері  бұл қызметті Кисыкова Сабира Куандыковна атқаруда.

1990 - 1993 ж.ж. Күзенбаев Ордабай, 1993-1997 жылдары және 1999 - 2011 жылдары Ұзақбай Бәтима  мектеп  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болды.

2011 жылдың қыркүйектен бастап  бүгінгі күнге дейін бұл қызметті  Қабиева  Айнұр  Бейілханқызы  атқаруда.

             Осы жылдары  мектепке келген мұғалімдер: Сәлмұқанова Жұпар , Дербіс Сәндібай, Дөңбай Данагүл, Базылдина Дариға, Қалдығалиева Майра , Айтмұрзаев Мұқтар, Шырақбай Төлеуғазы, Қазанбаев  Амандық , Қисықова  Сабира, Байниязов Ердан,  Алуадинова Нұрбақыт,  Қабиева Айнұр, Жұмағанбетова  Жанар, Шетеева  Лаура, Рахманов  Жанболат, Мергенбаев  Дәулет,Жанкина  Гүлбану, Бектұрғанова  Бағдагүл,Тақырова  Гүлдана ,Жұмағанбетов  Бағдат , Жарасбаева  Ләззат, Қалдаяқова  Гүлдана , Алшағырова  Әсемгүл , Мырзабекова  Іңкәр , Тынымқұлова  Салтанат  т.б. жұмыс жасауда.

            Қазіргі таңда мектеп әр түрлі пәндер бойынша мамандармен қамтылған. 32 мұғалім жұмыс жасайды, 11 сынып комплектасы 1 шағын орталық 1 мектеп алды тобы  бар. Оларда жоғары санатты 2, І санатты – 8, ІІ санатты  – 10 мұғалім  жемісті еңбек етуде.  Мектеп жаңа  үлгідегі физика, биология , информатика және  химия  кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге алғашқы әскери  даярлық және  бастауыш сынып кабинеттері мен  бейімделген акт залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар 18 техникалық қызметтер мектептегі 135 оқушының қалыпты оқып, білім алуына мүмкіндік жасап отырады. Мектеп КТ - 200 маркалы жылу қазандығы арқылы өзіндік дара жылу жүйесімен жылытылады.

Қазіргі  пайдаланудағы  мектеп үйі бейімделген жобада  1957 жылы саман  кірпішпен  салына бастап  1959-60 оқу жылында алғаш пайдалануға берілген. 2009 жылы мектеп сырты силикатпен қапталып  төбесі қайта шатырланды. Бүгінгі таңдағы жай күйі орташа деңгейде.  Күрделі жөндеуді қажет етуде.

 

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ