Өрбісінов Тәуір – 1924 жылы 5 мамыр күні Байғанин ауданындағы Қарақоға ауылында дүниеге келген. Жеті жалдық білім алғаннан кейін Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алды. Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жарақатпен елге оралады. 1944-1945 жылдары Жарсай деген жерде ұстаздық еткен. 1945-1949 жылдары Қарабатыр деген жерде мұғалім болған.

       1951-1955 жылдары Баршақұмда қызмет істейді. 1956 жылы Қызылтаңда, 1957-1959 жылдары Қызылту мектебінде жұмыс жасаған.  1959 жылдан өзінің мұғалімдік қызметін одан әрі жалғастырып, өмірінің көп жылын Қарабұлақ бастауыш мектебінде мұғалім және мектеп директорының қызметін атқарумен өткізген. 1963-1968 жылдары ГГПИ жоғары оқу орнының филология факультетін бітірген. Соғыстағы ерлігіне сай «Отан» соғысы орденімен,  бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталады.   1974 жылы «ҚазақКСР» оқу ісінің үздігі атанып, әртүрлі 9 грамоталармен марапатталған. 1985 жылы мамыр айында өмірден өткен.

 

Амандықов Жайлы – 1922 жылы мамыр Көлтабан селолық округіне қарасты Қызылту серіктестігінде дүниеге келген. Мұғалім, Ұлы Отан соғысының ардагері.  1937 жылы Ақтөбе   қаласында №6 қазақ орта мектебін, 1938 жылы Темір Педагогика техникумын, Ақтөбе және Орал педагогшикалық институтын бітірген.

        1954-1956 жылдары Көлтабан ауылдық  кеңесіне қарасты Қызылтаң мектебінде жұмыс жасаған. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, халықтық бақылау топтарының төрағасы және үгітші, насихатшы болды.  Амандықов Жайлы – ұзақ жылғы еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», І- ші дәрежелі Отан соғысы ордені, «Тың игерудегі жетістіктері үшін», бірнеше рет Білім министрлігі мен облыстық, аудандық білім бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталған. 2012 жылы 14 қыркүйекте Ұлы Отан соғысының ардагер, ұзақ жылдар білім саласында ұстаз болған Амандықов Жайлы 91 жасында дүниеден озды.

 

 

Тәуіров Есекен (Есжан) Тәуірұлы – 1949 жылы 23 қарашада дүниеге келген. 1955-1956 жылдары Қызылтаңда төрт жылдық мектеп табалдырығын аттаған. 1966 жылдары Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітірген. Бірақ ол жылдары оқуға түсе алмай біраз  жүріп қалады. Кейін әкесінің тікелей араласуымен 1976 жылдары ВЛКСМ ХХХ жылдығы атындағы Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, жалпы білім беретін бастауыш кластарын оқыту мамандығыын алады. 1978-1979 жылдардан бастап Қарабұлақ бастауыш мектебінде бала оқыта бастайды. 1985 жылы әкесі Тәуірдің қайтыс болуына байланысты бастауыш мектеп директоры болып бекітіледі. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздық жолда жүреді. 1998 жылы Қарабұлақ негізгі мектебінде біршама уақыт ұстаздық етеді. Кейін денсаулығына байланысты 2000 жылдары демалысқа шығып, 2001 жылы 23 маусымда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болады.

 

 

Тайжан Тынымбай Тайжанұлы-1942 жылы 17 наурызда Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округіне қарасты «Қазалтаң» колхозында дүниеге келген. 1949 жылы алғаш Қызылтаң бастауыш мектебіне барып, 1959 жылы Қарауылкелдіге «Комсомолдың ХХХ жылдығы» атындағы орта мектебін бітіреді. Осы жылы Гурьев педагогикалық институтының «бастауыш кластар педагогикасы мен методикасы» бөліміне түсіп, 1963 жылы бітіреді. Сол жылы жолдамамен Ақтау қаласы, Жетібай орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді. 1964-1965 жылдары әскери борышын Ашхабад қаласында атқарады. 1965 жылы Байғанин негізгі мектебінде бастауыш кластарға дәріс береді. 1976 жылдан бастап Байғанин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1995 жылы Қарабұлақ бастауыш мектебіне ауысып, бастауыш кластарға дәріс береді. 2005 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанша Қарабұлақ орта мектебінде бастауыш кластарға дәріс берді. Тайжан Тынымбай жоғары санатты мұғалім, қазір зейнеткерлік демалыста.

 

 

 

        Балықбаева Сағира Балықбайқызы – 1957 жылы 21 наурыз Көлтабан селолық округіне қарасты Жарлы селосында дүниеге келіп, Байғанин орта мектебін 1974 жылы алғаш бітірушілердің бірі болған. 1974-1976 жылдары Респудликалық Шұбартаулық жастардың мал шаруашылығын өркендетуге шақырға үндеуіне байланысты Байғанин совхозының №3 Жарсай фермасында орналасқа «Ұшқын» комсомол- жастар бригадасында шопан болып 2 жыл етті. 1976-1981 жылдары Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының биология факультетінде білім алған. 1981-1993 жылдар аралығында Байғанин орта мектебінде қызмет еткен. 1993-1998 жылға дейін Қарабұлақ бастауыш мектебіне мұғалім болып орналасады. 1998-2007 жылдар аралығында Қарабұлақ орта мектебінде мамандығы бойынша оқушыларға дәріс берді. 2007 жылы сәуірде дүниеден өтті.

 

 

Сейіт Темір Тойғұлұлы– 1950 жылы 14 қыркүйектеБайғанин ауданы Жарқамыс поселкесінде дүниеге келген. 1968 жылы Қарауылкелді поселкасындағы Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектепті бітірген. 1968-1971 жылдары Кеңестік әскер қатарында болды. 1972 жылдан 1979 жылдар аралығында «Сағыз» совхозында шофер болып жұмыс істеген.1979 жылы Ақтөбе  мәдени-ағарту училищесінің көркем сурет бөліміне түсіп, 1983 жылы бітіріп шықты. 1984 жылдан  1992 жылдары №19 кәсіптік-техникалық училищесінде оқу-өндірістік шебері, аудандық мәдениет бөлімінің мәдениет шеберханасында көркемдеуші-суретші жұмысын атқарған. 1992-1993 оқу жылынан 1999 жылдары Қаракөл, Қарабұлақ орта мектебінде 1999-2001 жылдары Мәртөк ауданы Родниковка мектебінде, 2001 жылдан бері Қарабұлақ орта мектебінде жұмыс жасайды.2013 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.

 

 

Сүйеп Гүлсім Тұрақбайқызы- 1959  жылы 11-шілдеде  Ақтөбе  облысы, Байғанин  ауданы, Ноғайты  селосында  дүниеге  келген.1966-жылы Ноғайты  селосындағы Сағыз  орта  мектебін  бітірді. 1976 жылы Сағыз  орта  мекебінің физика  кабинетінің  лобаранты  болып  жұмысқа  орналасты. 1978 жылы  Ақтөбе  педагогикалық училищесіне  сыртай  оқу  бөліміне  түсіп, 1981жылы «Бастауыш  класс  мұғалімі» мамандығы бойынша  бітіріп  шықты. 1992 жылы  Қаракөл  орта  мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып жұмысқа  орналасты. 1998 жылы Қарабұлақ  орта  мектебіне  ауыстырылып,  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болып жұмысқа  орналасты. 2017 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ