А.С.Пушкин атындағы орта мектеп тарихы.

 

1936 жылы Қопа ІІІ бесжылдық Крупская, Баршақұм, Қарақоға, Жыланды алты колхаз бірігіп, жеті жылдық мектеп үйін салып, сол жылы қыркүйек айында оқуды бастаған. Мектептің алғашқы директоры Нұрмағанбетов Садық деген азамат болған.

1938 жылдан бастап Абдрахманов Іскендір мектеп директоры болған. Алғашқы мектеп ашылған кездегі мұғалімдер Барбосынов Алдан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен, Мейірманов Нұртан (Қостанайдан) қазақ тілі және әдебиеті пәнінен, Жаметов Икрамша тарих, Сейітова Мәулен, Есенғұлов Жаңабай, Қисықбасов Оңдаған, Құлшаров Сары т.б. болған. 1943 жылдан бастап мектеп директоры Оразалин Ермекбай, 1946 жылы Қуанбаев Мәмбет, 1947 жылы Аймағанбетов Садық, 1948 жылы Қасымов Шағырбай, 1949 жылы Әлібеков Таубай, одан кейін Аймағанбетов Садық қайтадан мектеп директоры болып істеген. 1952-1959 жылдары Тоқтаров Керей, 1959 жылы Әбиев Жарылғас, одан кейін Шукенов болған.

1963-1964 оқу жылының басында 10 (он) мұғалім болған. Олар: Ешпанов Аманғос, Ұзақбаев Тасқынбай, Блиев Б., Қасымов Ш., Қисықбасов О., Қадыров І., Тәжіғұлов Б., Текешов З., Мырзағұлова І., Нұғыманов Б. 1963-64 оқу жылында мектепте 115 оқушы болған.ү Ал 1964-1965 оқу жылында 11 мұғалім болған, Ешпанов кетіп орнына Айымбетов Г., Айымбетов Н келген. 1970-1996 жылдар аралығында 9 мұғалім «Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағына ие болған.

1963 жылғы қыркүйек айынан бастап Ешпанов Аманғос, 1964 жылғы ақпан айынан бастап Мырзағалиев Орынбасар, 1973 жылдан бастап Жаметов Әбілқайыр мектеп директоры болып істеді. 1997-2007 жылдың тамыз айына дейін А.С.Пушкин атындағы орта мектебін Құлжан Ерболат құлжанұлы басқарып келді.

2007 жылдан бастап 2015 жылға дейін Арықова Асылгүл мектеп директоры қызметі атқарды. Қазіргі таңда мектеп директоры болып Махан Асқар Бітімбайұлы қызмет атқарып келеді.

Мектептің «Алтын белгі» иегерлері:

2004 жылы Сәдуақасов Самат

2010 жылы Әзбергенова Айсұлу

2011 жылы Ақпан Ақсүйрік

2014 жыл Тасболатұлы Жандос

2016 жыл Құбаш Назерке

 

«Үздік аттестат» иегерлері:

1994 жылы Сағынова Гүлсая Жақсықайырқызы

1998 жылы Сәдуақасов Гүлсая Әбділлақызы

1999 жылы Маханова Айнагүл Бітімбайқызы

1999 Көптілеуова Марина Болатқызы

 

2012 жылы Тасболатқызы Балжан

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ