2 Қарауылкелді орта мектебінің қысқаша тарихы

Жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны, ҚР Білім Министрлігі жүйесіне қарайды. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Байғанин ауылында орналасқан. Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінен бөлініп, өз алдына отау тікті. Алғашында сегізжылдық мектеп болып құрылды, 1978-1979 оқу жылынан бастап орта мектеп.

Мектеп 1938 жылы жұмысын бастауыш мектеп болып бастады. Мектептің алғашқы ұстаздары Құрманалин Маңғыбай, Шайкиева Назым болды. Мектепте Н. Шайкиева, А.Қонарбаева 1948 жылға дейін қызмет жасады. 1948 жылы мектеп жеті жылдық болып құрылды. «Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы жеті жылдық мектеп» болып аталды. Директоры Ешпанов Аманғос. Мектеп 1951 жылы орта мектеп болып қайта құрылды. 1952 жылы мектептің директоры Дүйсенбин Тәжім, 1953 жылы Қорбин Нұрман болды. Жаңа типті мектептің салынуына байланысты мектеп екіге бөлінді. Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орта мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді де орнына қалған мектеп «Қарауылкелді сегізжылдық мектебі» деп аталды. Бұл мектеп 1978-1979 оқу жылында орта мектеп болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 16.02.2000 жылғы қаулысымен жазушы Тобық Жармағамбетов есімі берілді.

2015-2016 оқу жылынан бастап ауылымызда жаңа мектеп ғимаратының салынуына байланысты, Т. Жармағамбетов атындағы орта мектеп сол жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұрынғы Т. Жармағамбетов атындағы орта мектеп сол жаңа ғимаратқа көшірілді. Бұрынғы Т. Жармағамбетов атындағы орта мектебінің орнына №2 Қарауылкелді орта орта мектебі ашылды. Мектеп ұжымы жас мамандармен толықты. Мектептегі оқу-тәрбие процесі жоспарға сай жүйелі жүргізіліп келеді. Мектеп оқушылары аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның болашағы-жастардың қолында десек, болашақтың саналы да, білімді ұрпағын тәрбиелеуде мектеп ұжымы аянбай шығармашылықпен еңбек ете береді. Мектепте қазіргі таңда 44 мұғалім еңбек етеді, оның 5 – жоғары санатты, 9 – 1 санатты, 8 – 2 санатты. Білім алып жатырған оқушылар саны – 218, 14 класс комплектісі бар, 2 топта шағын орталық жұмыс жасайды. 218 – оқушының 43 – оқу озаты, 59 – оқу екпіндісі. Мектептегі үздік бітірген оқушылар:

 

Боранбаева Гүлжайна – 1994 ж, Арипова Роза – 1999ж, Мунайтбасова Айкен – 1998ж, Отжағарова Гаухар – 1998ж, Әбдірова Шолпан – 2000ж, Молбағарова Айман – 2000ж, Боранбаева Ақмарал – 2001ж.

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ