Қарауылкелді орта мектебінің ірге тасы 1938 жылы жаз айында Атырау (Гурьев)-Қандыағаш теміржолының салынуына байланысты қаланды. 1940 жылы Қазақ ССР ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша бастауыш мектеп болып салынып бітуі керек еді. Бірақ соғыстың басталуына байланысты мектеп құрылысы аяқталмай қалды. Алғашқы кезде бастауыш мектеп 1942-1943 жылдары Аққияш Қонарбаевның басшылығымен Закуова Орынгүлдің көне үйінің орнына оқу жылын бастады. 1943-1944 оқу жылында Шәкаева Н басқарды. 1944-1947 жылдар мектепке Аққұлова Нұрсәуле басшылық етті. 1948 жылы бұл бастауыш мектеп Байғанин аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Әлімқұловтың бұйрығымен  7жылдық мектеп болды. Оған директор болып Аманғос Ешпанов тағайындалды және 75 балалық интернат бекітілді. Мектепте алғашқы ұстаздар болып бастауыш кластарда Қонарбаева Аққияш, жоғары кластарда Абдуллина Бибі, Аққағазов Досқұл жұмыс жасады. 1953-1954 оқу жылынан бастап оқу орны орта мектеп ретінде жұмыс істей бастады. Онда Жамантаев Марат, Дүйсенбин Тәжім, Қорбин Нұрман, Абатов Нұрдаубай, Қожатілеуов Алдан, Ердауылұлы Бауыржан директорлық қызмет атқарды. Орта мектептің алғашқы ұстаздары бастауыш кластарда Дүйсенова Дина, Көптілеуов Қасым, Қилыбаев Итібай, Ханенко Любовь, жоғары кластарда Нұрғазин Көпбай, Қарамурзин Құдайберген, Тілегенов Қасым, дәріс берді. Алғаш түлектерін мектеп 1955 жылы ұшырды. Олар Әмірғалиев Сұлтан, Айсұлтанов Сламғали, Әуелбаев Қошан, Есенбаев Дәулет, Еспағанбетов Жұмалы және басқалары. Осы кезден бастап мектеп бітірушілер қатары көбейді. 1956-1958 жылдар мектепті 200-ге жуық адам бітіріп шықты. Мектепте оқу қазақ тілінде жүргізілді. Сонымен қатар 7 класқа дейінгі орыс кластары да болды. Мектепке жоғары оқу орындарын бітіріп, жас мұғалімдер келе бастады, Бұлардың алғашқы легінде Нұрлыханов Тұрман, Қорбин Нұрман, Өтепбергенов Жөкен, Тасболатов Балтабай, Айдарова Ақкенже, Қырманбаев Спан, Асауов Жалғас, Тумышева Тойбазар болды. 1950 жылдарды аяғында Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде ән, хор, шеберлік, спорт үйірмелері жұмыс істеді. Оқушылардың қоғамдық ұйымдары ашылды. Спорттық үйірмелерге Төлекенов Жәрмөңке жетекшілік етті. Жас палуандардың кілем үстіндегі алғашқы сабақтарын мектеп директоры Қорбин Нұрман жүргізді.1969 жылы Комсомолдың 30жылдығы атындағы орта мектебі үшін 536 орындық типтік жобадағы ғимарат пайдалануға берілді. Бұл аудандағы алғашқы типтік мектеп еді. Мұнда класс бөлмелерінен басқа , жақсы жабдықталған кабинеттер мен шеберханалар, лабароториялар, спорт  және АКТ залдары, асхана, буфет болды. 1970-1980 жылдары мектеп іргелі оқу орындарының біріне айналды. Оқушы саны мыңнан асты. Мектепте шығармашылық жұмыстар өрістеді. Құрылған уақыттан бері мектепті 50-ден астам адам үздік аттестатпен бітірді. Құрмет белгісі орденімен марапатталған ұстаздар Дүйсенова Дина, Әуезова Ынта, Ыбыраева Күміс,, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаттары-20, аға мұғалім-5, методист мұғалім-4, күміс медаль иегерлері Нурлин Құдайберген, Нұрбергенов Якуб, ғалымдар: тарих-1,география-1, физика-1, филология-3, журналистика-3, математика-4,химия-1, медицина-1, философия-1. Мектеп түлектерінен интернационалист жауынгерлер: Жүрсінов Сағынтай, Шиланбаев Сүймұқан, Чернобыль Атом электр стануциясындағы аварияны жоюда өзінің Отан алдындағы борышын Байғабылов Өсербай абыроймен өтеп келді. Қазіргі таңда мектепте оқушылардың «Талапкер» ғылыми орталығы, «Бұрымды »бишілер үйірмесі, спорт үйірмелері жұмыс жасайды. 

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ