Өтесін Бауыржан  Кеңесбайұлы

1969 жылы 30 қараша айында Байғанин ауданы Оймауыт ауылында дүниеге келген. 1987 жылғы Оймауыт совхозы Жаңажол орта мектебінің түлегі. 1988-1990 жылдары Кеңес армиясының қатарында қызмет етті. 1994 жылы Ауыл шаруашылық техникумын ьітіріп шығып Дияр орта мектебінде өндірісік оқыту шебері болып қызмет атқарды. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің еңбек және бизнес мамандығын бітіріп шықты. 1997-2010 жылдар аралығында Дияр орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2010 жылдан бастап Дияр орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

 

 

Қуат Ғазиз Әкімұлы

1962 жылы дүниеге келген 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1984-1990 жылдары Дияр орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. 1990 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2005-2010 жылдар аралығында Дияр орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

 

 

Әлжан Құрманғали

1951 жылы 27 сәуірде дүниеге келген. 1968 жылғы Жаңажол орта мектебінің түлегі. Ақтөбе педагогикалық институтын 1972 жылы аяқтап, 1973-1974 жылдары Кеңес армиясының қатарында қызмет етті. Одан кейін Байғанин ауданының Көкбұлақ орта, Бесбай бастауыш мектептерінде мұғалім болды. 1983 жылы Дияр орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1990-2005 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарды. «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» белгісімен, Байғанин ауданының «Жыл адамы» атағымен марапатталды. Екі мерзімге аудандық маслихат депутаты болып сайланды. 2005 жылдан бастап жаңадан ашылған Миялы селолық округінің әкімі қызметіне тағайындалды

                                               Ұзақбай Тасқынбай

1930 жылы дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1983-1990 жылдар аралығында Дияр орта мектебінің директоры болып қызмет жасады. 1990 жылдан бері зейнеткерлік демалысына шықты.

 

 

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ