Таңжаров  Мейрамбек  Итемгенұлы

1973 жылы 2–мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты селосында дүниеге келген. 1980 жылы Сағыз орта мектебіне 1–сыныпқа барды. 1990 жылы аталған мектепті аяқтап, Атырау педагогикалық институтына түсті. 1994 жылы институтты бітіріп, сол жылдан бастап, дене тәрбиесі кафедрасында жұмыс жасап келеді. Оқу процесіне белсене араласып, үнемі іздену үстінде. Студенттерді оқытуда әдістемелік жақтарын үнемі толықтырып, педагогикалық шеберлігін танытып отырады. Өзінің күнделікті педагогикалық қызметінде әріптестерінің іс–тәжірибелерін зерттей отырып студенттермен жеке жұмыс жүргізудің өзіндік техникасын меңгерді. Кафедрада жүргізілетін кезекті ашық сабақтар  өткізуде жаңа әдістемелік жұмыстарды қолдануда өз шеберлігін танытып, теориялық жағынан ізденімпаз екендігін дәлелдеп келеді, жұмыс жасаған кезеңінде аға оқытушы дәрежесіне дейін көтерілді. Сегіз халықаралық, республикалық деңгейдегі журналдар мен конференцияларда мақалалары жарық көрді. 2010 жылы филасофия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Спорттық-ұлттық идея қалыптастырушылық қызметі» атты ғылыми диссертациясын қорғады.

                                          

                          Жұбан Сайлаубай Кенжетайұлы

1958 жылы қаңтар айының 4-ші жұлдызында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына қарасты Ноғайты ауылында дүниеге келген. 1965-1975 жылдары Сағыз орта мектебінде жалпы орта білім алып шыққан. 1973-1975 жылдары мектеп жанынан жазғы демалыс кезінде ұйымдыстырылған оқушылардың «Ата-жолы» мал шаруашылығын өндіру мақсатындағы жасақталған өндірістік бригадасында алғаш Сағыз кеңшарының машина трактор жөндеу шеберханасында темір жонушы болып жұмыс жасаған. 1976-1977 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының жанындағы дайындық курсында оқыған. 1977-1981 жылдары Ақтөбе педагогикалық инистутының физика математика факультетіне оқуға түсіп, математика пәнінің мұғалім мамандығын алып шыққан. 1981-1984 жылдары Сағыз орта мектебінде өз мамандығым бойынша оқытушы қызмет атқарды. 1984-1987 жылдары Сағыз кеңшарының жанындағы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінде болған. 1987-1994 жылдары Халық депутаттары Ащы селолық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 1994 жылдан 2016 жылдың 24 наурызына дейін Ащы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасаған. 2001 жылы және 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына орай Мерекелік медальдармен марапатталған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет,Ақпарат және Спорт министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған.     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істер Агенттігінің 1994 жылы «Құрмет грамотасы», 2008 жылы осы Агенттік «Алғыс хатымен» марапатталған. 2004 жылы Байғанин аудан әкімінің ұсынысымен «Жыл адамы» атағын иеленген. Әр жылдары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып отырған. Отбасылы, төрт баласы бар. Балаларының барлығы жоғарғы білім алып, түрлі салада қызмет атқаруда.                              

 Мекеменің Аты  Мекен-жайы  Телефоны  Басшысы  Қала/Аудан                             

 Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университеті

 Ә. Молдағұлова д. 34  8 (7132)54-06-19  Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы  Ақтөбе қаласы Толық мәлімет
 С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті  Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302а  8 (7132)97-40-82  Ахан Бекежан  Ақтөбе қаласы Толық мәлімет
 М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті   Маресьев көшесі, 68  8 (7132)54-48-15  Бекмухамбетов Ербол Жасұланұлы  Ақтөбе қаласы Толық мәлімет
 Қазақ-Орыс Халықаралық университеті  Әйтеке би көшесі, 52 корпус 2  8 (7132)22-15-16  Бердимуратов Темерхан Байбосынович  Ақтөбе қаласы Толық мәлімет
 Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты  Ә. Молдағұлова 16  8 (7132)52-28-45      
           
           
           
           

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ