Жұбан Сайлаубай Кенжетайұлы

1958 жылы қаңтар айының 4-ші жұлдызында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданына қарасты Ноғайты ауылында дүниеге келген. 1965-1975 жылдары Сағыз орта мектебінде жалпы орта білім алып шыққан. 1973-1975 жылдары мектеп жанынан жазғы демалыс кезінде ұйымдыстырылған оқушылардың «Ата-жолы» мал шаруашылығын өндіру мақсатындағы жасақталған өндірістік бригадасында алғаш Сағыз кеңшарының машина трактор жөндеу шеберханасында темір жонушы болып жұмыс жасаған. 1976-1977 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының жанындағы дайындық курсында оқыған. 1977-1981 жылдары Ақтөбе педагогикалық инистутының физика математика факультетіне оқуға түсіп, математика пәнінің мұғалім мамандығын алып шыққан. 1981-1984 жылдары Сағыз орта мектебінде өз мамандығым бойынша оқытушы қызмет атқарды. 1984-1987 жылдары Сағыз кеңшарының жанындағы бастауыш комсомол ұйымының хатшысы қызметінде болған. 1987-1994 жылдары Халық депутаттары Ащы селолық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 1994 жылдан 2016 жылдың 24 наурызына дейін Ащы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасаған. 2001 жылы және 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығына орай Мерекелік медальдармен марапатталған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет,Ақпарат және Спорт министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталған.     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істер Агенттігінің 1994 жылы «Құрмет грамотасы», 2008 жылы осы Агенттік «Алғыс хатымен» марапатталған. 2004 жылы Байғанин аудан әкімінің ұсынысымен «Жыл адамы» атағын иеленген. Әр жылдары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып отырған. Отбасылы, төрт баласы бар. Балаларының барлығы жоғарғы білім алып, түрлі салада қызмет атқаруда.                              

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ