Түлектер

 

 

 

 

TEST

Омар Ықыласов

1932 жылы Сарытоғай елді мекенінде туған. 1948 жылы Жарқамыс орта мектебін бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне түседі. Кейін Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың география факультетін бітіріп  шығады. Үшінші бесжылдық, Қызыл ту бастауыш мектептерінде және Көкбұлақ орталау мектебінде қызмет етеді. 1958 жылы Сам орталау мектебіне директор болады. 1961 жылы Қопа орталау мектебінің директоры болып қызмет атқарады. 1972 жылдан-1992жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Байғанин орта мектебінің директоры болады. Сол жылдары жас жеткіншектерді еңбекке баулу, оларға кәсіби бағдар беру тәжірибесі кең қанат жайды. Шұбартаулықтардың бастамасына үн қосып, 1974 жылғы мектеп түлектері «Ұшқын» қой өсіруші жастар бригадаларын құрып, еңбекке араласты. Ұшқындықтар елеулі табыстарға ие болып, Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің Қызыл туын жеңіп алды. Мектеп түлектерінен «Арай» құрылысшылар бригадасы жасақталды. Мектеп педагогикалық ұжымының іскерлігін, міндетті қызметіне деген жауапкершілігі оның түлектерінің еңбектегі табыстары айқындап берді.

О.Ықыласов 43 жыл бойы шәкірт дайындаған, 34 жыл ұжымдарға жетекшілік еткен білім беру ісінің ұйымдастырушысы.

 

«Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі» атанды. Облыстық партия комитеті, Облыстық кеңес атқару комитеті және білім саласы басшылығы тарапынан марапатталып, әлденеше рет ауылдық кеңестің депутаты болып сайланды.     

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ