№ 2 Қарауылкелді орта мектебі

Жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны,ҚР Білім Министрлігі жүйесіне қарайды.Ақтөбе облысы,Байғанин ауданының Байғанин ауылында орналасқан.Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінен бөлініп,өз алдына отау тікті.Алғашында сегізжылдық мектеп болып құрылды,1978-1979 оқу жылынан бастап орта мектеп.

Мектеп 1938 жылы жұмысын бастауыш мектеп болып бастады.Мектептің алғашқы ұстаздары Құрманалин Маңғыбай, Шайкиева Назым болды.Мектепте Н.Шайкиева,А.Қонарбаева 1948 жылға дейін қызмет жасады.1948 жылы мектеп жеті жылдық болып құрылды."Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы жеті жылдық мектеп" болып аталды.Директоры Ешпанов Аманғос.Мектеп 1951 жылы орта мектеп болып қайта құрылды.1952 жылы мектептің директоры Дүйсенбин Тәжім,1953 жылы Қорбин Нұрман болды.Жаңа типті мектептің салынуына байланысты мектеп екіге бөлінді.Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орта мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді де орнына қалған мектеп "Қарауылкелді сегізжылдық мектебі" деп аталды.Бұл мектеп 1978-1979 оқу жылында орта мектеп болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 16.02.2000 жылғы қаулысымен жазушы Тобық Жармағамбетов есімі берілді.

Мектеп директоры:Келімбердиев Абыл,Досқуатов Межеш,Өтепбергенов Жөкен,Құбашев Мұңал,Қалқаманова Күләш,Тәжімұратова Злиха,Құлжанов Ерболат,Досқұлов Сергали.

Оқу ісінің меңгерушілері:Аққағазов Досқұл,Әбдіразақова Талайлы,Құрмашев Ілияс,Молдашева Дариға,Келімбердиев Лабақбай,Мәнібаев Самбай,Аққожаев Қожағали,Тәжімұратова Злиха,Сүйесінов Игілік.

Тәрбие жөніндегі орынбасарлары:Көкшина Қазина,Сүйесінов Игілік,Әріпова Гүлжан, Мұңайтбасова Батима,Аманғосова Мамлакат,Оңайбай Ақжонас,Нұрқасым Нұргүл,Мұңайтбасов Ернар,Мұңайтбасова Галина.

Мектепте жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру,оларға білім негіздерін үйрету,еңбекке дайындау сияқты жұмыстар жүзеге асырылды.Мектепті 1979-1980 оқу жылынан бергі уақытта мыңнан астам адам бітірді,олардың ішінде 13 үздік аттестатқа ие болды.Мектеп бітірушілердің 60 жоғары,130 арнаулы оқу орындарын бітірді,олардың арасында еліміздің жоғары оқу орындарын бітіргендерде бар.

Мектептің оқу-материалдық базасын нығайтуға,оқу-тәрбие процесін жетілдіруге,мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қызметін арттыруға,тәрбиелік шаралардың ықпалдылығын жақсартуға,оқыту сапасын дамытуға кезінде А.Ешпанов,Қ.Қарамурзин,Ә.Нурлиев,Ж.Кенетаев,А.Келімбердиев,Д.Аққағазов,Қ.Көптілеуов,Х.Ұлықпанова,Б.Абдуллина,С.Матжанова,А.Қонарбева,Ұ.Кемалова,Ш.Баймұханова,Р.Құрманғалиева,Б.Хангелдиева,М.Қарамұқанова,Ш.Жазықов,Л.Қосымбаева,І.Адилов,Н.Жұбанғалиева,Д.Молдашева,Ф.Умирзақова,К.Қалқаманова,К.Оразалиев,С.Мәнібаев,А.Әжбағамбетова,Ө.Таңатарова,Р.Досымбаева,Т.Әбдіразақова,Ш.Дәрібаева,Қ.Көкшина,З.Жұмағалиева,Т.Нұрғалиева,М.Аманғосова,З.Тәжімұратова,Г.Абдирова,И.Сүйесінов,С.Қыстаубаева,Қ,Әспетова,Г.Арипова,Қ.Аққожа,Ә.Жанәділова,М.Құлжанова, Р.Молдағали.

2009 жылы мектеп обдыстық "Үздік мектеп" марафон-байқауында "Облыстық ең үздік жалпы білім беретін мектебі" атағына ие болды.Мектеп ұжымы Қазақстан болашағы-жастарға білім мен тәрбие беруде қажырлы еңбек етуде.2010 жылы "Дарынды балалар -Қазақстанның болашағы" атты энциклопедияға енді.2011 жылы "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" жастар марафон-эстафетасында жастарға патриоттық тәрбие берумен қатар,туған өлкені гүлдендіру мен көріктендіру мақсатындағы жұмыстарды  жоғары дәрежеде ұйымдастыра білгені үшін "Үздік білім беру ұйымы" деп танылып облыс әкімдігі тағайындаған "Жигули" автокөлігін иемденді.

2015-2016 оқу жылынан бастап ауылымызда жаңа мектеп ғимаратының салынуына байланысты,Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп сол жаңа ғимаратқа көшірілді.Бұрынғы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің орнына № 2 Қарауылкелді орта мектебі ашылды.Мектеп ұжымы жас мамандармен толықты.Мектептегі оқу-тәрбие процесі жоспарға сай жүйелі жүргізіліп келеді.Мектеп оқушылары аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.Қазақстанның болашағы -жастардың қолында десек,болашақтың саналы да,білімді ұрпағын тәрбиелеуде мектеп ұжымы аянбай шығармашылықпен еңбек ете береді. 

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ