• 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 26
  • 12
  • 11
  • 14
  • 13
  • 15
  • 17
  • 16
  • 18
  • 20
  • 21
  • 22
  • 25

Құрметті

Байғаниндік жерлестер !

 

Туған Отан, кеудемді желпіндіріп

Бәрін өзің үйреттің ертіп жүріп,

Кең болуға талпындым өзің құсап,

Өр болуға талпындым еркін күліп - деп жерлес ақынымыз Сағи Жиенбаев жырлағандай, туған жер топырағының тектілігін, оның ұлттық болмысын ұлықтауға себепші болып жатқан Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Туған жерге - тағзым» акциясы Байғанин ауданында да қолдауға ие болып, кеңінен қанат жая бастады.

Акцияның негізгі мақсаты  - әр салада  түрлі жетістіктерге жеткен азаматтарды туған жеріне көмектесуге, көркейтуге және елге рухани қолдау көрсетуге айрықша іңкәрлікпен атсалысуға шақыруды көздейді.

«Туған жерге - тағзым» идеясы – Елбасы рухани жаңғыруға байланысты мақаласында айтқан «Туған жер» бағдарламасымен үндес. Мемлекет басшысы атап өткендей, патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан, кейіннен балалық-жастық кезеңін бастан кешкен, өмірлік ісіңнің іргетасы болып табылатын біліміңді алған қасиетті мекен - туған жеріңе деген ерекше қарым-қатынас – бұл да жалпыұлттық патриотизмнің маңызды қыры.

Акция жөнінде хабар алысымен, туған жерді көркейтуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге дереу қол ұштарын беріп, көмектесуге ат салысып жатқан азаматтар да аз емес. Бұл көңілге қуаныш ұялатады.

Көпжылдық ғұмырында мәртебелі түлектерімен мерейі үстем болған Байғанин өңірі қоғамның барлық саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан түлектердің сан мыңдаған армиясын дайындап шығарды. Ауданымыздың әр жылғы толқын түлектері қатарындағы еліміздің көшбасшы азаматтарын, қоғам қайраткерлері мен белді тұлғаларды, өз істерінің майталмен шеберлері мен іскер де білікті мамандарды біз айрықша мақтан тұтамыз. Мәселен, осы өңірде туып-өсіп, қазіргі таңда АҚШ, Германия, Түркия сынды алпауыт елдерде еңбек етіп жүрген шежірелі өлкемізден шыққан өресі биік, білімі терең ұл-қыздарымыздың есімдері елге танымал.

Өскен жерінің өсіп-өркендеуі кез келген жанның көңілін марқайтады. Туған топырақтың тартылыс күші әлемнің қай түкпірінде жүрсек те жүректің бір түкпірінен орын алары белгілі. Арман қуып әр тарапқа кеткенмен, артта қалған ауылын, құшағынан жылу алған туған елін естен шығармай, туған жерге тағзым жасап тұру - тағылымы мол үлкен қадам.

Кіндік қаны тамған жер, өскен орта деген ұғымның соншалықты құдіреттілігін осы жолы бұрынғыдан да бөлек ұғынып, ел арасында қолдау тапқан «Туған жерге - тағзым» акциясына Сіз де өз үлесіңізді қосады деп сенемін.

 

Құрметпен, Байғанин ауданының әкімі                       А. Шериязданов

 

   
   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   

"Алтын белгі" иегерлері  

  • 1 иегері
    1 иегері

    Алтынбай Жанболат Нұрбекұлы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

  • 2-иегер
    2-иегер

    Байшукуров Темирлан Аскарулы

    Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің түлегі

   
© "БАЙҒАНИН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ